Биыл «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» форумы кең ауқымда өтеді

Фотография - Биыл «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» форумы кең ауқымда өтеді

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар алдағы аптада өтетін «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» ІІ халықаралық форумы жайында айтып берді.

222 0

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар алдағы аптада өтетін «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» ІІ халықаралық форумы жайында айтып берді.

«26-27 тамыз аралығында Шығыс Қазақстанда «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық форумын өткізгелі отырмыз. Бұл атаулы шараның мақсаты - ұлттық тарихымызды түгендеу, тарихтан сабақ алу, түркітілдес халықтардың рухани мұрасын сақтау», - деді әкімнің орынбасары.

Айта кетейік, бірінші форум 2011 жылы Өскемен қаласы мен Қатонқарағай ауданында өткізілген еді. Оны алдағы уақытты дәстүрлі түрде екі жылда бір рет өткізіп тұру туралы шешім қабылданған болатын.

«Биыл біз «Халық тарих толқынында» бағдарламасына сәйкес бұл форумның аясын кеңейтіп отырмыз. Бұл форумға 20-дан астам елдің өкілдері қатысады деп күтілуде. Сонау Еуропа мемлекеттерінен, яғни Венгрия, Нидерланды елдерінен ғалымдар қызығушылық танытып, зерттеу жұмыстарына атсалысуға ниетті. Бұның өзі осы форумның өзекті екенін байқатып отыр», - деді Ж. Омар.

Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар түркітілдес елдер музыкалық аспаптарының көрмесі де ұйымдастырылмақ.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!