Астана-Семей бағытында жүрдек пойыз қатынасы ашылады

Фотография - Астана-Семей бағытында жүрдек пойыз қатынасы ашылады

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

357 0

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарындағы сервисті жақсарту және жаңа жүрдек маршруттарды ашу бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Осы сөзімізге дәлел ретінде, 2013 жылғы 25 тамызда Астана вокзалының перронынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ қалыптастырған «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған «Астана-Семей» бағытындағы №63/64 жүрдек пойызы жолға шығады.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа пойыздың қатынау мерзімділігі - төрт күнде бір рет. Астанадан Семейге дейінгі уақыт 22 сағат 15 минутты құрайды. Пойыздың жаңа құрамы 27 вагоннан тұрады, оның 22-сі жолаушылар вагоны, 2-і «Гранд» санатты (екі орындық люкс), 2-і «Бизнес» санатты (екі орындық) және «Турист» санатты (төрт орындық) 18 жолаушы вагоны, сондай-ақ, 3 техникалық, 1 вагон-бар мен 1 мейрамхана вагоны бар. «Гранд» санатты вагонда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бір купе қарастырылған.

Вагондар «Жолаушылар тасымалы» АҚ жылжымалы құрамының техникалық-ресурсын жаңарту және арттыру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде сатып алынған және соған сәйкес 2014 жылға дейін тағы 420 жолаушылар вагоны сатып алынатын болады.

Еске сала кетейік, бүгінгі таңда «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құрастырылған жүрдек пойыздар 5 маршрут бойынша: 2001-2003 жылдардан бастап «Алматы-Астана» қатынасындағы №1/2, «Алматы-Шымкент» қатынасындағы №25/26 пойыздары, 2012 жылдан бастап «Алматы-2- Петропавл» қатынасындағы №151/152 пойызы, «Ақтөбе-Астана» бағытындағы №88/87 пойызы қатынайды. Үстіміздегі жылдың маусым айынан бастап, «Алматы-2 - Атырау» бағытындағы №77/78 жүрдек пойызы жолаушылар тасымалдауда.

Жалпы Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2015 жылға дейін «Тұлпар-Тальго» зауытының өнімдерінен жасақталған тағы 4: «Астана-Қызылорда», «Алматы-Ақтөбе» (2014 жыл); «Астана-Защита», «Алматы-Защита» (2015 жыл) жүрдек маршруттарын іске қосу жоспарланып отыр.


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!