Бүгін еліміздің оңтүстігі мен орталығында күн райы ыстық болады

Фотография - Бүгін еліміздің оңтүстігі мен орталығында күн райы ыстық болады

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

262 0

Бүгін атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, екпінді жел соғады. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. СҚО-да түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Жамбыл облысында, Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде, Қарағанды облысында аптап ыстық болады. Оңтүстік, орталық және оңтүстік-шығыста жоғары өрт қауіптілігі сақталады»,-деп жазылған хабарламада.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!