Бүгін Франция соты М.Әблязовқа қатысты алғашқы сот отырысын өткізеді

Фотография - Бүгін Франция соты М.Әблязовқа қатысты алғашқы сот отырысын өткізеді

Бүгін Францияда Мұхтар Әблязовқа қатысты алғашқы сот отырысы өтеді

195 0

Бүгін Францияда Мұхтар Әблязовқа қатысты алғашқы сот отырысы өтеді. Банкирдің адвокаттары оны кепіл ақша төлеп, түрмеден босатуды сұрамақ. Тіпті Әблязовтың өзі қолына электронды браслет киюге де келіскен.

Айта өтейік, «БТА Банктің» экс-төрағасы 31-ші шілде күні Францияның оңтүстігіндегі өз вилласында қамауға алынған болатын. Миллардтаған долларды жымқырды деп айыпталған Әблязовты экстрадициялауды қазір Қазақстаннан басқа Украина мен Ресей тарапы да сұрап отыр. Банкирдің өзін қайтару әзірге мүмкін болмағанымен, оның сыбайластарының алды елге экстрадицяланбақ. Олар «БТА Банкінде» лауазымды қызметтер атқарған Вероника Ефимов мен Зәуре Жүнісова. Салымшылар ақшасын жымқырды деп айыпталған бұл екеуі Әблязов қылмыстық тобының белсенді мүшелері ретінде аталуда - деп хабарлады baq.kz

Мұрат Жұманбай ҚР Қаржы полициясының ресми өкілі:

- Ворика Ефимова Мұхтар Әбләзов басқарған қылмыстық топтың басты ұйымдастырушыларының бірі болған. Ол 2005-2009 жылдары Әбләзовтың ұйымдасқан қылмыстық тобының бақылауындағы компанияларға несиелерді рәсімдеу арқылы Банкінің ақшалай қаражатын ұрлау үшін айырықша уәкілеттіктерге ие болған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!