Жастарға кеңес беру орталығы ашылды

Фотография - Жастарға кеңес беру орталығы ашылды

Орталық Бекжан автовокзалында ашылды. «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының оңтүстіктегі филиалы және бірқатар қоғамдық бірлестіктердің ұйымдастыруымен ашылған орталық жұмысы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, психологиялық кеңес беріп, кәсібін дөңлелетуі үшін және мемлекетті жастарға арналған түрлі бағдарламаларды түсіндіруді көздейді

154 0

Орталық Бекжан автовокзалында ашылды. «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының оңтүстіктегі филиалы және бірқатар қоғамдық бірлестіктердің ұйымдастыруымен ашылған орталық жұмысы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, психологиялық кеңес беріп, кәсібін дөңлелетуі үшін және мемлекетті жастарға арналған түрлі бағдарламаларды түсіндіруді көздейді.

Әзірге орталықтың көмегіне 70-тен астам жас жүгінген. Қалаға келгендер алдымен осында бас сұғатыны ескеріліп, мекеме базардың ішінен ашылған.

Орталық таңғы 10:00-ден 12:00-ге дейін және 15:00-ден кешкі 17:00-ге дейін жұмыс істейді. «Жастар ауылға» жобасы бойынша әр аудан орталығында жедел топтар да іске кірісіпті.

Белсенді жастар әсіресе кәсібін дөңгелетуге ниеттенген жастарды қолдамақ. Жақын күндері оларға несие алу, жол сілтеу мақсатында жасотандықтар Шымкенттегі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен мемарандумға да отырады - деп хабарлады  baq.kz

Жоба осы жылдың аяғы, яғни желтоқсанға дейін жалғасады. Егер нәтиже болса келесі жылы да кеңес беру орталығы жұмысын жалғастырады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!