Венгр министрлері қазақ тілін жетік меңгерген

Фотография - Венгр министрлері қазақ тілін жетік меңгерген

Қазақ тілінің әлемдік лингвистикалық кеңістіктегі орны жайында айта келе Елбасы Н.Назарбаев: «қазақ тілі өзінің даму дәрежесі бойынша украин, өзбек және орыс тілдері іспеттес - тілдік форма мен мазмұнның жалпы адамзаттық қазынаның құрамдас бөлігі болып табылады», - деп атап өткен еді

181 0

Қазақ тілінің әлемдік лингвистикалық кеңістіктегі орны жайында айта келе Елбасы Н.Назарбаев: «қазақ тілі өзінің даму дәрежесі бойынша украин, өзбек және орыс тілдері іспеттес - тілдік форма мен мазмұнның жалпы адамзаттық қазынаның құрамдас бөлігі болып табылады», - деп атап өткен еді.

Сондықтан да қазақ тілін оқу-үйренуге тек елімізде ғана емес, басқа да мемлекеттерде де зор қызығушылық танытыла бастауы кездейсоқтық емес. Мәселен, Мәскеуде Қазақ тілі мен мәдениеті орталығы жұмыс істейді. Онда студенттер қазақ тілінің теориясын үйреніп, тәжірибеде де қолданады, ұлттық музыкамызды тыңдап, қазақстандық телеарналарды тамашалайды. Ал Варшавадағы А.Мицкевич атындағы Познань университетінде поляк студенттері Абай Құнанбаевтың «қара сөздерін» тұпнұсқада оқиды. Ал олардың ұстаздары Хенрик Янковски қазақтың ұлы ойшылының философиялық мұрасын поляк тіліне аударды - деп хабарлады ҚазАқпарат

«Қазақстан - Ата жұртым, қасиетім - Ана тілім» атты қазақ тілінен мектеп оқушылары арасындағы 10-шы халықаралық олимпиада ағымдағы жылы елорда төрінде өтті. Оған Германия, Австрия, Голландия, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Ресей, Моңғолия және Қытайдан келген өрендер қатысты.

Таяуда бір топ тараздық оқушылар Астанадағы Венгрия Елшілігінде болды. Олар Венгрияның Занка қаласында жыл сайын өтетін 18-ші «Кемпірқосақ - 2012» халықаралық бейнелеу және қолданбалы өнер балалар байқауында жеңімпаз атанған тараздық оқушыларға диплом табыстау салтанатты шарасына қатысты.

«Венгрияның Қазақстандағы елшісі Имре Ласлоцки Тараздық балаларға «Кемпірқосақ - 2012» байқауының дипломдарын табыстады. Ал, байқау жеңімпаздарының құрметіне арналған салтанатты қабылдауда Венгрияның Қазақстандағы елшісі Имре Ласлоцкимен сұхбаттасудың сәті түсті. Әрине, өзімнің қатты толғаныста болғандығымды жасыра алмаймын. Елшімен кездесудің жауапкершілік жүгінің ауыр болуымен қатар бір-бірінен тым алшақ орналасқанымен ұқсас жақтары көп елдерді не байланыстыратындығын ескер түсірудің де маңызы ерекше. Қазақстан толығымен азиялық мемлекет саналмайтындығындай, Венгрия да толық еуропалық мемлекет емес. Кездесуге дейін ғаламтор арқылы қазіргі шамамен 350 мыңға жуық венгрліктер өздерін мәдениет мен этника тұрғысынан осыдан 750 жыл бұрын Солтүстік Кавказ, Ресейдің оңтүстігі және Қазақстан аумағынан Еуропаға қоныс аударған ғұндар мен қыпшақтардың ұрпағымыз деп есептейтіндігін білген едім»,- деді Жамбыл мектеп олимпиадалары мен мектептен тыс іс-шараларды өткізу орталығының бөлім меңгерушісі Ольга Сағындықова.

- Білуімше Венгрияда «Венгер қыпшақтарының одағы» жұмыс істейді ғой...

- Иә, бұл таңқаларлық қоғамдық жобалардың бірі. Венгр қыпшақтарының астанасы Қарсақ қаласында құрылған «Венгрия ғұндары «қыпшақтар» одағы» қазіргі уақытта да жемісті жұмыс істеуде. Аталған қоғамдық ұйымның негізгі мақсаттарының бірі - Ресей мен Қазақстандағы өз бауырластарымен рухани әрі достық қарым-қатынастарды дамтыу және тарихи тамырластықты сақтап қалу. 2009 жылы бірінші Дүниежүзілік қыпшақтар кездесуі ұйымдастырылған болатын. Бірлестікке Үлкен және Кіші қыпшақ өзін-өзі басқару жүйесі кіреді. «Қыпшақтар консорциумының» негізгі мақсаты - ежелгі салт-дәстүр мен тарихи әдет-ғұрыптарды сақтау әрі одан әрі дамыту, ғылым, білім, мәдениет және туризм саласындағы іс-шараларды ұйымдастыру.

Венгрия елшісі Имре Ласлоцкимен сұхбаттасу барысында «батыс қазақтары» - «шығыс венгерлері» жайында сөз қозғадық. 1996 жылы Жамбыл облысында Венгрияның Қазақстандағы бірінші елшісі Джозеф Торма келіп, «Кемпірқосақ» байқауына қатысқандар мен жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табыс еткен болатын. Венгрияның Қазақстандағы елшісі Имре Ласлоцки Венгриядағы Орта Азия көшпелі халықтарының өмірі жайындағы көптеген еңбектердің авторы, «Венгрия қыпшақтары одағының» құрылуына көп еңбек сіңірген Джозеф Тормамен жақын таныс болып шықты. Оның атап өтуінше, Д.Торманың сол кездегі сапарының негізгі мақсаты қыпшақтардың ұрпақтарына қатысты зерттеу жүргізу болған екен. Имре Ласлоцкидің сөзіне қарағанда, ол Президент Н.Назарбаевпен тікелей ұялы байланысқа шыға алатын жалғыз елші болуымен қатар қазақ тілін де жетік меңгерген. Бүгінгі таңда қыпшақ ұрпақтары Венгрияның жоғары лауазымды қызметтерінде жұмыс істейді. Мәселен, Ауыл шаруашылығы және өңірлерді дамыту министрі, Венгрия қыпшақтары одағының төрағасы Шандор Фазекаш қазақ тілінде еркін сөйлейді.

- Қазақстан Президенті Н.Назарбаев еуропалық қыпшақтардың құрметті көшбасшысы екендігі белгілі.

- Шындығында, «Қыпшақтар консорциумы» әр уақытта да тарихи отаны Қазақстанмен мәдени байланысты болудың, Венгриядағы қыпшақ мұрасының сақталуы мен гүлденуінің маңыздылығын баса назарға алады. Имре Ласлоцкидің пайымынша, Венгрия мен Қазақстан халқына ортақ жайттар өте көп. Ең алдымен бірнеше жылға созылған ортақ тарихымыз, түркі халықтарының сана-сезімінде қалыптасқан туыстық байланысымыз бар. Венгрлер Еуропадағы жалғыз ежелгі көшпелі халық болса, біз түркілердің ұрпағымыз. Еуропаның бірде-бірде басқа мәдениетінде венгрлердегідей жылқының рөлі аса жоғары емес. Венгрлер қазақтар сияқты атқа мығым отырады. Еуропада жылқының етін жемейді, қымызын ішпейді. Айтпақшы, біз Венгрия елшігінің ғимаратында болғанымызда бір қабырғаның жартысын Арпад ханның портреті алып тұрғандығын көрдік. Біздерге Имре Ласлоцкидің түсіндіруінше, Арпад хан - бұл олардың арғы аталары, Орта Азиядан көшпелі халықты Орталық Еуропаның Дунай маңы даласына көшіріп әкелген көсемдері және де қазіргі уақытта венгрлер оны қатты құрмет тұтады. Көптеген ғалымдардың пайымынша, шамамен осыдан мың жыл бұрын қазіргі венгрлердің ата-бабалары Тәуелсіз Қазақстан жерінде тіршілік еткен. Ол кезеңдерде «венгр» немесе «қазақ» этнонимі болмаған. Дегенмен бүгінгі таңда Қазақстанда Орта жүздің құрамына кіретін мажарлықтар өмір сүруде. Венгерлер де өздерін мажарлықтар деп атап, Орталық Еуропа мен Қарпат бассейнін жаулап алған Арпад ханның ұрпағымыз деп есептейді. Сол кезеңдерде оның қарамағына кірген 7 тайпа қанға қолдарын малып, ант ішкен. Содан кейінгі жылдары мажарлықтар өз жорықтарымен бүкіл Еуропаны дүр сілкіндірген болатын.

Қазіргі венгр тілінде барлығы түркілерге түсінікті жүздеген сөз бар. Мәселен, ежелгі венгрлер баспаналарын шатыр деп атаған. Кез келген қазақ венгрлердің «сакол» (сақал), «тозег» (тезек), «кешон» (кеше), «аня» (ана), «алма», «керек», «кичи» (кіші), «балта» және басқа да сөздерін еркін түсінеді. Тілден бөлек үйлену, жерлеу, сенім, бейнелеу өнерлерінде де ұқсастықтар жеткілікті.

Бүгінгі таңда венгрлердің арасында өздерінің ата-балалары көшпелі өмір сүрген кезеңдердің тарихымен байланыста барлық жайттар қызығушылық тудырып келеді. Янош Шипош құрастырған қазақ халық әндерінің жиынтығы Венгрияда зор таңданыс туындатты. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта көптеген қазақстандық жастар Венгрияның жоғары оқу орындары - Экономикалық және Орталық-еуропалық уиверситеттерінде. Халықаралық бизнес мектебінде білім алуда. Ал венгр жастары Этвеш Лоранд атындағы Будапеш университеті мен Сегед ғылыми университетінде қазақ тілін оқуда. Тағы бір айта кетерлігі, Қостанай облысының Жангелдин ауданына қарасты Саға ауылында таяу уақытта мажарлардың тарихи атамекеніне ескерткіш ретінде алып өмір ағашы Бәйтерек бой көтеретін болады.

«Тілді үйренуге деген бастама ішкі қажеттіліктен туындауы тиіс. Оны телуге не болмаса нұсқаумен үйретуге болмайды, - деп санайды О.Сағындықова. - Бүгінгі таңда әлемдегі Қазақстанға деген қызғушылықтың, біздің мәдениетімізге, тілімізге, басқа елдер мен халықтардың өкілдерінің қазақ тілін білуге қызығушылығының артуы көп жайттан хабар береді. Бұл, біріншіден, біздің Президентіміздің жүргізіп отырған басқа елдердің тілі мен мәдениетін, өзінің тарихи мұрасы мен ана тілін құрметттеуге бағытталған саясатының дұрыстығын дәлелдей түседі».

ҚазАқпарат анықтамасы: Бүгінгі таңда әлемде шамамен 12 млн. адам қазақ тілінде сөйлейді. Олардың 9 млн-ы Қазақстанда, 2 млн-ы ТМД-ның басқа елдерінде, 1,5 млн-ы Қытайда тұрады. Бұдан бөлек қазақ тілін Моңғолияда, Ауғанстанда, Пәкістанда, Иранда, Түркияда, Германияда біледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!