Сенат Төрағасы Қ.Мәми: сайланған әрбір әкім халықтың сенімін ақтап, азаматтар алдындағы жауапкершілігін ұғынуы тиіс

Фотография - Сенат Төрағасы Қ.Мәми: сайланған әрбір әкім халықтың сенімін ақтап, азаматтар алдындағы жауапкершілігін ұғынуы тиіс

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Ақмола облысында таяуда сайланған ауылдық округтер әкімдерімен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың келешегін талқылады

129 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Ақмола облысында таяуда сайланған ауылдық округтер әкімдерімен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың келешегін талқылады.

Сенат Төрағасы жергілікті билік басшыларын маңызды қоғамдық-саяси оқиғамен құттықтады және ауыл әкімдері сайлауының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Үндеуінде алға қойылған міндеттерге жан-жақты тоқталды.

«Еліміздің саяси жүйесін жаңғырту, жергілікті жерлердегі басқару жүйесін реформалау, жергілікті өзін-өзі басқаруға белсенді қатысуды ұлғайту жолында маңызды қадам жасалды», - деп атап өтті Қ.Мәми. Ол сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту жергілікті халықтың әлеуметтік белсенділігін арттырып, азаматтардың жаңа бастамаларына серпін беретін болады, деді.

Өткен сессияда Парламент Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген екі заңды қабылдады. Соған сәйкес, ауыл әкімдеріне қосымша өкілеттіктер беріліп, төменгі деңгейдегі әкімдердің қаржылық және экономикалық дербестігі кеңейтілді, жергілікті органдар басшыларына өздерінің кіріс көздерін қалыптастыру құқықтары берілді. Одан басқа, тұрғындардың жиындары мен жиналыстары жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаржысын пайдалануға мониторинг жүргізу өкілдігіне ие болды - деп хабарлады ҚазАқпарат

«Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың заңдарда қарастырылған тетіктері аймақтардағы кәсіпкерлік орталар мен іскерлік белсенділікті арттыруға, халықтың көкейкесті мәселелерін сапалы шешуге, тұтас алғанда, жергілікті жерлердегі істің ахуалын жақсартатын болады», - деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Қ.Мәми сайланған әрбір әкім халықтың сенімін ақтап, азаматтар алдындағы жауапкершілігін ұғынуы тиіс екенін атап өтті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!