Тарихи дүниелер ұстағанның қолында кетіп жатыр

Фотография - Тарихи дүниелер ұстағанның қолында кетіп жатыр

 Атырау іргесіндегі көне қала – Сарайшықта адам сүйектері бей-берекет шашылып жатыр

148 0

 Атырау іргесіндегі көне қала – Сарайшықта адам сүйектері бей-берекет шашылып жатыр! Ал ондағы құмыра, ескі ақша сынды тарихи дүниелер ұстағанның қолында кетіп жатыр. Бұл нысан мемлекет қорғауында болғанмен, тиісті орындардың бақылауынсыз қалған. Тіпті оны сақтап қалу үшін соңғы жылдары соқыр тиын бөлінбеген. Сондықтан сол маңдағы ауыл балалары құнды жәдігерлерді тиын-тебенге сатып мәз боп жүр.

Қазақ ордасының алтын бесігі саналатын Сарайджук немесе Сарайшықты сақтап қалу туралы әңгіме облыстық емес, республикалық деңгейде де бірнеше мәрте көтерілді. Тіпті бұл туралы Елбасы да баяндамаларының бірінде айтқан болатын. Бірақ, өкінішке орай, сөз бен істің арасы тым алшақ болып тұр. Себебі Жайық өзені жылына 1-1,5 метрге дейін ескі қала орнын шайып келеді.

Ал енді 5 жылда мына аспан астындағы мұражайдан ештеңе қалмасы әбден мүмкін. Алыс-жақыннан келген қонағын бірден осында ала жөнелетін атыраулықтардың бетіне салық болып тұр бұл жер. Себебі ескі қала орнының қоршауы қираса, айналасы күл-қоқысқа толған. Ал мына құлама жардың барлық жерінен адам сүйектері мен табыттар жартылай шығып тұр - деп хабарлады  baq.kz

 

Мамандар бұл сүйектер XV-XVI ғасырларда өмір сүрген ноғайлардыкі дейді. Ал Сарайшық ауылдық әкімшілігінің бар міндеті — сүйектерді жинап, тазалық жұмыстарын жүргізу ғана екен. Ал ауыл балалары қала орнын өз беттерінше қазып, табылған ірілі-ұсақты жәдігерлер мен олардың сынықтарын келушілерге сатып жатыр. Мысалы, адамның бас сүйегін 500 теңгеден сатады. Осылайша мұражайдан орын алар жәдігерлер ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатыр. Мұндай сұмдыққа тыйым салына ма, жоқ па?


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!