«Астана-Теміртау» автожолы учаскелерінің мердігер компаниялары биылғы жылы анықталады

Фотография - «Астана-Теміртау» автожолы учаскелерінің мердігер компаниялары биылғы жылы анықталады

ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сәтжан Аблалиев «Астана - Қарағанды», «Астана - Павлодар» автожолының құрылысы туралы баяндады

217 0

ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сәтжан Аблалиев «Астана - Қарағанды», «Астана - Павлодар» автожолының құрылысы туралы баяндады.

«Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Шығыс» бағыттары бойынша жобаны жүзеге асыру ағымдағы жылы қолға алынды. Құрылыс жұмыстары 2 шілде күні «Астана-Теміртау» және «Астана-Павлодар» бағыттарында басталды»,- деп жазылған хабарламада.

«Астана-Теміртау» автожолы алты учаскеге бөлінген. Бүгінгі күні Ақмола және Қарағанды облыстарындағы екі учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қалған 4 учаске туралы айтар болсақ, қазіргі кезде осы учаскелер бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленуде. Бұл жұмысты қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды, ал қазан айында конкурс жариялау арқылы мердігер компанияларды анықтауды жоспарлап отырмыз.

Осы жылы барлық 6 учаске бойынша мердігер компаниялар анықталатын болады. «Орталық-Шығыс» бағыты бойынша құрылыс жұмыстары «Павлодар-Қалбатау-Семей» аралығында және «Астана-Павлодар» учаскесінде жүргізілуде.

«Астана-Павлодар» жолының өзі 12 учаскеге бөлінгенін айтып өткен жөн. Бүгінгі күні мердігер компаниялар сол 12 учаскенің 2-уінде жұмысты бастап кетті. Атап айтқанда, Ертіс өзені арқылы өтетін көпір салу жұмыстары және Павлодар қаласын айналып өту жолы. Бұл учаскелерде қазіргі күні құрылыс материалдарын әзірлеу және ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Қалған 10 учаскенің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Бүгінгі күні Ақмола облысындағы бір учаскенің, яғни Астана қаласынан шыға беріс жолдың құрылысының ЖСҚ-сы дайын. Бұл учаске бойынша мердігер компанияны анықтауға конкурс жақын күндері жарияланатын болады. Мердігер компания қыркүйек айының соңында қазан айының басында ұйымдастыру жұмыстарын бастайды деп жоспарланған.

Қалған 9 учаскенің жобалау-сметалық құжаттамасы жаңа құрылыс маусымына, яғни 2014 жылдың мамыр айына дайын болады. Сондай-ақ, конкурс өткізіліп, мердігер компаниялар анықталады. 2014 жылы «Астана-Павлодар» жолының барлық учаскелерінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі - деп хабарлады  bnews.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!