АҚШ Қазақстанға 18 тоннадан астам ядро қалдығын жібермек

Фотография - АҚШ Қазақстанға 18 тоннадан астам ядро қалдығын жібермек

АҚШ энергетика министрлігінің жанындағы ядролық қауіпсіздік ұлттық басқармасы Жапониядан Қазақстанға АЭС отынына айналдыру үшін американдық өндірістің 18 тоннадан астам ядролық қалдықтарын беру туралы келісімді мақұлдады.

131 0

АҚШ энергетика министрлігінің жанындағы ядролық қауіпсіздік ұлттық басқармасы Жапониядан Қазақстанға АЭС отынына айналдыру үшін американдық өндірістің 18 тоннадан астам ядролық қалдықтарын беру туралы келісімді мақұлдады.

Бұл ақпарат бейсенбі күні АҚШ-тың үкімет құжаттарының FederalRegister жаршысында жарияланды.

«Құрамында ураны бар материалды «алғашқыда жапондық Nuclearfuelindustries корпорациясы Құрама Штаттарының ядролық отын өндірушілерінен алған болатын». Енді ол оны Өскемендегі Үлбі металлургия комбинатына жапондардың алты компаниясының энергетикалық реакторларына отын жасату үшін беруді шешті», - деп хабарланды агенттік сайтында.

АҚШ ядролық қауіпсіздік ұлттық басқармасының ресми өкілі Джош Макконах FederalRegister-дегі мәліметке берген түсініктемесінде бұл мәміле АҚШ, Жапония мен Қазақстан арасында ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану туралы келісімнің арқасында мүмкін болғанын айтты.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ уран диоксидінен атом электр стансалары үшін отын таблеткаларын жасайды, сондай-ақ құрамында бериллий, тантал мен ниобий бар өнімдер шығарады. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.


Тегтер:

экология

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!