"Протонның" құлауына байланысты үш басшы қызметінен босатылды

Фотография - "Протонның" құлауына байланысты үш басшы қызметінен босатылды

 2 шілде күні Байқоңыр ғарыш айлағындағы "Протон-М" зымыран тасығышының құлауына байланысты М.В.Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының жоғары шенді үш қызметкері орындарын босатты

136 0

 2 шілде күні Байқоңыр ғарыш айлағындағы "Протон-М" зымыран тасығышының құлауына байланысты М.В.Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының жоғары шенді үш қызметкері орындарын босатты.

РБК арнасы хабарлағандай, қызметтен қуылғандар - орталық бас директорының сапа жөніндегі орынбасары Александр Кобзарь, цех юасшысы Валерий Греков және техникалық қадағалау бөлімінің басшысы Михаил Лебедев. Олардың барлығы да өз істеріне салғырт қарағандығы үшін жазаға ұшыраған - деп хабарлады  baq.kz

Естеріңізге салайық, "Протон-М" зымыран тасығышы ағымдағы жылдың 2 шілдесінде Байқоңыр ғарыш айлағынан ұша берген сәтінде апатқа ұшыраған болатын. Мамандар жарылыстан келген шығынды 4 миллиард рубльге бағалады.

Роскосмос басшысының орынбасары Александр Лопатиннің төрағалығымен құрылған комиссия апатқа себеп болған техникалық ақаулықтарды тауып, оған Хруничев атындағы орталықтың қызметкерлерін кінәлаған.


Тегтер:

протон

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!