Қазақстан мен Түркия автокөлік құралдарын кепілді тасымалдау механизмін қолдануды жалғастырады

Фотография - Қазақстан мен Түркия автокөлік құралдарын кепілді тасымалдау механизмін қолдануды жалғастырады

 Қазақстан мен Түркия қазақстандық автокөлік құралдарын кепілді тасымалдау механизмін қолдануды жалғастыру туралы келісімге келді

193 0

 Қазақстан мен Түркия қазақстандық автокөлік құралдарын кепілді тасымалдау механизмін қолдануды жалғастыру туралы келісімге келді. 

Аталған келісімге өткен аптаның соңында Автомобиль көлігі жөніндегі қазақстандық – түркиялық аралас комиссиясының отырысы барысында қол жеткізілді.

«Бас қосуға ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің, Кедендік қызметтің, екі елдің халықаралық тасымалдаушылар қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия мемлекеттері арасында тасымалды жүзеге асырушылар қатысты»,-деп жазылған хабарламада.

Отырыста Тараптар Үкіметаралық келісімді жүзеге асыру барысы туралы мәлімет беріп, екіжақты қатынастың өзекті мәселелерін талқылады.

Отырыс қорытындысында Тараптар Түркия аумағында қазақстандық автокөлік құралдарын тасымалдаудың кепілді механизмін қолдануды жалғастыру туралы келісімге келді.

Жүкті тасымалдаудың рұқсат бланкілерімен алмасу қазақстандық автокөлік құралдарының Түркия аумағына тасымалдануына байланысты екі кезең бойынша жүргізіледі.

Аталған механизмді қолданысқа енгізгеннен кейін ағымдағы жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы тасымалдың қазақстандық үлесінің артқаны байқалады.

2013 жылдың 6 айында екіжақты тасымал нарығындағы отандық тасымалдаушылардың үлесі 20% құраған болса, 20012 жыл бұл көрсеткіш бар болғаны 9% құраған болатын.

Отандық тасымалдаушылардың үлесі жыл сайын 5% өскен жағдайда, 2014 жылы 25% өседі деп жоспарлануда - деп хабарлады  baq.kz

Қазақстан мен Түркия арасындағы автомобильмен жүк тасымалдаудың жалпы көлемі 2012 жылы жалпы құны 752 млн АҚШ доллары болатын 180 мың тоннаны құраған болса, оның ішінде: импорттық бағытта жалпы құны 687 млн АҚШ долл.болатын 1577 мың тоннаны құрады (пластмассалар мен пластмассадан жасалған бұйымдар, каучук пен резинадан жасалған бұйымдар, машиналар, механизмдер, қондырғылар мен құрал жабдықтар, соның ішінде электрондық қондырғылар, және т.б. ); экспорттық бағытта жалпы құны 31 млн.АҚШ долларын құрайтын 28 мың тонна (пластмассалар мен пластмассадан жасалған бұйымдар, каучук пен резинадан жасалған бұйымдар, машиналар, механизмдер, қондырғылар мен құрал жабдықтар, соның ішінде электрондық қондырғылар,өсімдік өнімдері).


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!