Жамбыл облысында ҮИИД-2013 тоғыз жобасының сегізі пайдалануға берілді

Фотография - Жамбыл облысында ҮИИД-2013 тоғыз жобасының сегізі пайдалануға берілді

Жамбыл облысында ҮИИД-2013 бағдарламасы аясындағы тоғыз жобаның сегізі пайдалануға берілді деді, облыстық мәслихат депутаттарының алдындағы есеп беру кезінде Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев.

232 0

Жамбыл облысында ҮИИД-2013 бағдарламасы аясындағы тоғыз жобаның сегізі пайдалануға берілді деді, облыстық мәслихат депутаттарының алдындағы есеп беру кезінде Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев.

«Үстіміздегі жылы жүзеге асыруға жоспарланған тоғыз жобаның бүгінгі күні көлемі 20 млрд. теңгеден асып жығылатын сегізі пайдалануға енгізілді, 600-ден аса жұмыс орны құрылды»,- деді Қ.Бозымбаев.

Өндіріске енгізілген кәсіпорындардың ішінде полимер өнімдерін шығаратын «Құрылыс-Полимер», полиэтилен құбырларын дайындайтын «Тараз құбыр зауыты», шикі мұнайды өндейтін «БірлікЭнерго», ауылшаруашылығы шикізаты мен консервілеумен айналысатын «Алкопищепром», «ҮмітҚордай» сүт өнімдері зауыттары бар.

Тасөткел және Қарақыстақ гидроэлектр станциялары қатарға қосылды - деп хабарлады ҚазАқпарат

«Казфосфат» компаниясымен күкірт қышқылын өндіретін зауыттың ашылуы біздің аймақ үшін айтулы оқиға. Құны 14,5 млрд. теңге болатын жоғары технологиялық осы жоба компания өнімдерінің әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ықпал ететіндігі сөзсіз» - деп атап өтті аймақ басшысы.

Жыл басынан бері Индустрияландыру картасы шеңберінде енгізілген кәсіпорындармен, соммасы 22 млрд. теңге болатын өндірістік өнімдер өндірілді, бұл дегеніміз облыстың жалпы өндіріс көлемінің 20 пайызына тақау. Есеп беру кезеңі ішінде облыс кәсіпорындарымен 135,5 млрд. теңге болатын өндірістік өнімдер өндірілді. Республикалық орташа көрсеткіш 101,9 пайыз болғанда, нақты көлем индексі 108 пайызды құрады, деді облыс әкімі.

Жалпы ҮИИД бағдарламасын жүзеге асыру басталғаннан бері Жамбыл облысында 29 жоба пайдалануға берілді, төрт мыңнан аса жұмыс орны құрылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!