Астанада Жоғары білім жөніндегі қазақстандық-малайзиялық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

Фотография - Астанада Жоғары білім жөніндегі қазақстандық-малайзиялық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

Бүгін елордада Жоғары білім жөніндегі қазақстандық-малайзиялық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

165 0

Бүгін елордада Жоғары білім жөніндегі қазақстандық-малайзиялық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Отырыс барысында жоғары білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері, студенттермен баламалы алмасу мүмкіндіктері, білім туралы құжаттарды өзара тану, сонымен қатар тараптарды қызықтырған өзге де жайттар кеңінен талқыланды - деп хабарлады ҚазАқпарат

Аталған отырысқа Малайзия білім министрлігінің жоғары білім беруді дамыту жөніндегі бас хатшысының орынбасары Хаджы Насыр Бин Мат Дама бастаған өкілдер және Қазақстан тарапынан еліміздің Білім және ғылым министрлігінің жауапты қызметкерлері қатысты.

Жиында сөз сөйлеген Хаджы Насыр Бин Мат Дама мұндай іс-шара екі елдің білім саласындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға жәрдем беретіндігін баса айтты. Сонымен қатар оның сөзіне қарағанда, Жоғары білім жөніндегі қазақстандық-малайзиялық жұмыс тобының отырысын 2 жылда бір рет тұрақты түрде өткізу жоспарланып отырғандығын атап өтті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!