Он адамның өмірін жалмаған апаттың себебі анықталды

Фотография - Он адамның өмірін жалмаған апаттың себебі анықталды

Кеше 25 тамыз түнгі төрт кезінде Жамбыл облысының Қордай ауданында болған қайғылы жол апатының мән-жайы анықталды

189 0

Кеше 25 тамыз түнгі төрт кезінде Жамбыл облысының Қордай ауданында болған қайғылы жол апатының мән-жайы анықталды.

«25 тамыз күні Қордай ауданында республикалық маңыздағы «Алматы-Ташкент» жолының 185-ші шақырымында «Аudi-100» жүргізушісі, алдын ала болжам бойынша, көлік жүргізіп келе жатып ұйықтап кетіп, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен және 19 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан «Аudi-100» көлігіне соғылған» - деп хабарлады ҚазАқпарат

Еске сала кетейік, жол апаты салдарынан 35 және 19 жасар екі жүргізуші, жолаушылар: 34, 49, 41 жастағы ер адамдар, 42 жасар әйел адам және аты-жөні анықталмаған 4 жолаушы қаза тапқан болатын.

Апат-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына Қордай ауданының 9-шы өрт сөндіру бөлімінің 4 қызметкері жұмылдырылды, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!