Солтүстік Қазақстаннан бидай өткізу нарығы кеңеюде

Фотография - Солтүстік Қазақстаннан бидай өткізу нарығы кеңеюде

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысынан бидай өткізу нарығы кеңеюде. Бидайдың өте үлкен көлемі Ресей Федерациясына жіберіледі, Орталық Азияға, Әзірбайжанға, Сауд Аравиясына өткізу көлемі ұлғаюда

680 0

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысынан бидай өткізу нарығы кеңеюде. Бидайдың өте үлкен көлемі Ресей Федерациясына жіберіледі, Орталық Азияға, Әзірбайжанға, Сауд Аравиясына өткізу көлемі ұлғаюда.

Бұл туралы жинау науқаны қарсаңында өткен Солтүстік қазақстан аграрлық қызметкерлерінің «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ және «Казтемiртранс» АҚ өкілдерімен бидай тасымалдау мәселелерін талқылау барысында айтылды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша осы жылдың 7 айының көлемінде 1 млн 235 мың тонна бидай тиелді, соның ішінде 1 млн тонна шамасында - Әзірбайжан, Иран, Орталық Азия және Ресейге экспортталды.

Бидай тасымалдау мәселесіне қатысты кездесуде атап көрсетілгендей, бұрынғы жылдары Ресей және Қазақстан темір жолдары бөлімшелерінің өзара түсініспеушілігі салдарынан заманауи тиеу-түсіру құралдары мен тасымалдау мәселесіне қатысты проблемалар туындаған.

Облыстың географиялық орналасу жағдайына қарай бидайшылар екі жақтың да қызметтерін пайдалануға мәжбүр еді. Енді ондай проблемалар жоқ.

Вагон паркімен қамтамасыз ету мәселесәне келсек, тасымалдаушылардың сөзінше, бұл маусымда вагонмен қиындық болмайды.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!