Астанада халықтан қару-жарақ сатып алу акциясы өтеді

Фотография - Астанада халықтан қару-жарақ сатып алу акциясы өтеді

 Астанада халықтан заңсыз сақталып тұрған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталды

182 0

 Астанада халықтан заңсыз сақталып тұрған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталды.

«Елордалық полиция қызметкерлері 1-30 қыркүйек аралығында халықтан заңсыз сақталатын қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясын өткізеді»,- делінген сейсенбі күні таратылған ақпаратта - деп хабарлады  baq.kz

Бір ай бойы қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырған қала тұрғындарына бір қару үшін оның түріне қарай 10-100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай қаражат төленеді.

Ведомствоның атап өтуінше, тіркелмеген қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.


Тегтер:

елорда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!