А.Жұмағалиев start-up орталығын ашты

Фотография - А.Жұмағалиев start-up орталығын ашты

 деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

170 0

Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев «ИКТ даму қорының» start-up орталығының ашылуына қатысты, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

«Сонымен қатар іс-шараға қордың қолдаушы топ менеджменті - «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және «Кселл» АҚ мен «ҚарТел» ЖШС байланыс операторларының өкілдері қатысты», - деп көрсетілген хабарламада.

Start-up орталық – бұл кәсіпкерлікті бастаушы азаматтарға арналған орын. Әзірге ол 100 шаршы метрлік дайын кеңсе күйінде тұр. Ұйымдастырушылар кәсіп бастаушыларға творчестволық шабыт беруге тырысыпты, ол сликон аңғарындағы кеңселердегі секілді граффити бейнелер және кәсіп жүргізу турасында тақырыптық үндеулер, жиһаздармен жабдықталған. Start-up командалар көбейген сайын жұмыс істейтін аумақ та кеңейту жоспарланған.

Осындай кеңсені құру - Ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту қоры қаржыландыратын байқауда жеңіске жеткен start-up командалардың акселерация бағдарламасының бір бөлігі. Астанада start-up орталығын ашу салтанатына қордың серіктестері –«Логиком», «Nazarbayev University Research and Innovation System» компаниясы, «Ұлттық ақпараттық технология» АҚ-ының басшылары мен «HP» компаниясының Қазақстан мен Қырғызстандағы өкілдігінің бас директоры қатысты.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

компания

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!