АЗИЯ АВТО зауыты жаңа Skoda Superb автокөлігін өндіруден әлемде үшінші орында

Фотография - АЗИЯ АВТО зауыты жаңа Skoda Superb автокөлігін өндіруден әлемде үшінші орында

 Қазақстандық «АЗИЯ АВТО» АҚ автокөлік жинау зауытында жаңартылған Skoda Superb өндірісі іске қосылды.

235 0

 Қазақстандық «АЗИЯ АВТО» АҚ автокөлік жинау зауытында жаңартылған Skoda Superb өндірісі іске қосылды.

Чехия мен Үндістанның кәсіпорындарымен бірге Skoda флагмантық үлгісінің жаңа жобасын жолға қойған үшінші ел болды - зауытта жаңартылған лифтбэк пен әмбебап Skoda Superb өндірісі ресми түрде өз жұмысын бастады деп хабарлады компанияда.

Отандық сатып алушылар арасында әйгілі D санатындағы үлгі Өскеменде 7 жыл бойы шығарылып келеді.

Осы жылдың сәуір айында Шанхайда өткен автокөрсетілім кезінде аталған жаңартылған жоба әлем жұртына таныстырылды. Содан Үндістан мен Чехия өндірушілерінің ізімен жаңа үлгіні Қазақстан да жинай бастады.

«АЗИЯ АВТО» АҚ президенті Ерік Сағымбаевтың сөзінше, аталған көлік үлгісі үшін қазақстандық нарықта 2013 жыл табысты жыл болды.

«Бүгін Skoda республикада шығатын барлық брендтердің ішінде №1 болып тұр. Өткен 7 айдың қорытындысы бойынша сату қарқыны 2,7 есе өсті. Ал ең көп сатылатын көліктер ішінен Skoda екінші орын алды. Skoda Superb тұғыры отандық нарықта берік, ал енді сатылымға автокөліктің жаңа жобасы түскеннен кейін клиентердің қызығушылығы арта түсетіндігіне сенеміз».


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!