«Нұр Отан» партиясы жаңа саяси Доктринасының жобасын қоғамдық талқылауға ұсынды

Фотография - «Нұр Отан» партиясы жаңа саяси Доктринасының жобасын қоғамдық талқылауға ұсынды

«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы өзінің ХХІ ғасырдағы стратегиясын айқындап, «Нұрлы болашақ жолында»» атты жаңа саяси Доктринасын қоғамдық және партияішілік талқылауға ұсынды.

188 0

«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы өзінің ХХІ ғасырдағы стратегиясын айқындап, «Нұрлы болашақ жолында»» атты жаңа саяси Доктринасын қоғамдық және партияішілік талқылауға ұсынды.

Құрамына партия жетекшілері, депутаттар, ғалымдар, жазушылар мен қоғам қайраткерлері кірген жұмыс тобы еліміздің басты саяси күшінің ХХІ ғасырдағы даму стратегиясын айқындады.

Саяси Доктринаның жобасы Елбасы, «Нұр Отан» партиясының лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен дайындалған. Ол партия дамуындағы маңызды белесі, жаңаруы болып табылады.

Жаңа саяси Доктрина партияның «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы рөлін айқындауға бағытталған.

«Нұр Отан» «Нұрлы болашақ жолында» атты саяси Доктрина жобасы бірқатар республикалық басылымдарда, партияның сайтында жарияланды.

«Нұр Отан» партиясының жаңа саяси Доктринасы жобасына қатысты ұсыныс-тілектеріңізді doktrina@nurotan.kz жолдауға болады.


Тегтер:

партия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!