Павлодар облысында жаңа егіннің өнімін қабылдауға 469 астық қоймасы әзір болды

Фотография - Павлодар облысында жаңа егіннің өнімін қабылдауға 469 астық қоймасы әзір болды

Биылғы жаңбырлы егін орағы науқанында астық қоймалары мен кептіретін орындардың дер кезінде әзір болуының маңызы зор,

214 0

Биылғы жаңбырлы егін орағы науқанында астық қоймалары мен кептіретін орындардың дер кезінде әзір болуының маңызы зор, деп хабарлады Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасынан. Аймақта жаңа егіннің өнімін қабылдауға жалпы сыйымдылығы 692 мың тонналық 469 астық қоймасы әзір болды.

Қолдағы бар 10 элеватордың ішінде Жолқұдық, Қалқаман, Шарбақты және «Green Hause-Павлодар» элеваторларының лицензиялары бар. Ал жалпы сыйымдылығы 270 мың тонналық Уәлиханов элеваторының, «Павлодарастықөнімдері», «Қазақстан ұны», «Вереск», «Зерноград», «Арго» астық қабылдау орындары әзірге лицензия алған жоқ. Өткен жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген 30 тонна астық сақтайтын «Арго» фирмасының элеваторы лицензиялау рәсімінен өтуде.

Бұл кәсіпорындарда өнімділігі сағатына 962 тонналық 12 астық кептіргіш жұмыс істейді.

Бұдан басқа облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде сағатына 1738 тонналық 53 астық кептіргіш бар, олар ылғалды астықты өңдеуге толық даяр болды.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!