Н. Назарбаев «Үлкен жиырмалық» саммитіне қатысады

Фотография - Н. Назарбаев «Үлкен жиырмалық» саммитіне қатысады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 5-6 қыркүйек күндері Петерборда өтетін «Үлкен жиырмалық» саммитіне қатысады деп күтілуде деді Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев БАҚ өкілдерімен болған бүгінгі баспасөз мәслихатында.

138 0

«Ресей Федерациясының Президенті және «Үлкен жиырмалық» тобының қазіргі төрағасы Владимир Путиннің шақыруымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петерборда 5-6 қыркүйекте өтетін «Үлкен жиырмалық» тобының саммитіне қатысатын болады. Сондай-ақ, саммитте Мемлекет басшысы сөз сөйлейді деп күтілуде. Сонымен қатар, шара аясында Нұрсұлтан Әбішұлы жиынға қатысушы шет елдік мемлекет және үкімет басшыларының кейбірімен екіжақты кездесулер өткізеді деп көзделіп отыр», - деді ОКҚ ресми өкілі.

Теріңізге сала кетеік, «Үлкен жиырмалық» тобы G-20 халықаралық экономикалық және қаржылық күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелер мен аспектілер бойынша халықаралық ынтымақтастық алдында тұрған мәселелерді жұмыла талқылауға арналған халықаралық форум болып табылады.

Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!