ҚР ОСК Елбасы Жарлығымен тағайындалған Сенат депутаттарын тіркеді

Фотография - ҚР ОСК Елбасы Жарлығымен тағайындалған Сенат депутаттарын тіркеді

Бүгін еліміздің Орталық сайлау комиссиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен тағайындалған ҚР Парламент Сенатының депутаттарын тіркеді

174 0

Бүгін еліміздің Орталық сайлау комиссиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен тағайындалған ҚР Парламент Сенатының депутаттарын тіркеді.

Осыған орай өткізілген отырыста ОСК мүшесі Бақыт Мелдешевтің атап өтуінше, «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының конституциялық заңының 24 бабы, 1 тармағына сәйкес және «ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын тағайындау туралы ҚР Президентінің 2013 жылғы 26 тамыздағы №622 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттары ретінде Бірғаным. Әйтімованы, Асқар Бейсенбаевты, Сергей Громовты, Ләззат Қиыновты, Георгий Кимді, Дулат Құсдәулетовті, Серік Нөгербековті және Нұрлан Оразалинді тіркеу туралы қаулы қабылдады.

Сондай-ақ, отырыс барысында ОСК төрағасы Қ. Тұрғанқұлов тіркелген ҚР Парламент депутаттарына куәліктер мен арнайы төсбелгілер табыс етті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!