Ядролық отын банкінің құрылуы Қазақстанға экологиялық залал әпермейді

Фотография - Ядролық отын банкінің құрылуы Қазақстанға экологиялық залал әпермейді

Халықаралық Ядролық отын банкінің құрылуы Қазақстанда экологиялық түйткілдерге әкеп соқтырмайды.

227 0

Халықаралық Ядролық отын банкінің құрылуы Қазақстанда экологиялық түйткілдерге әкеп соқтырмайды.

Бұл туралы бүгін «Қазмедиаорталығында» өткен баспасөз мәслихатында Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ректорының ғылым жөніндегі кеңесшісі, ҚР Ұлттық ядролық орталығы Ядролық физика институтының бұрынғы директоры Қайрат Қадыржан мәлім етті.

«Қазақстан жыл сайын 17 мың тонна уран шығарады. Қоймаларда тағы осынша уран сақталады. Ядролық отын банкі 20-50 мың тонна сақтауға мүмкіндік бермек. Яғни 17 мың мен 50 мың тонна. Олардың арасында физика бойынша ешбір айырмашылығы жоқ. Егер біз қазір 17 мың тонна уранды сақтап, барлық әлемге сәтті сата алып жатсақ, 50 мың тоннаны да сондай жетістікпен бақылай аламыз. Біздегі шикізаттың құрамында уран 5-7 пайыз көлемінде болса, банкте сақталатын шикізатта да сол деңгейде болады», - деді Қ.Қадыржан.

Халықаралық Ядролық отын банкі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылуда. Ол Өскемендегі Үлбі металлургия зауыты қоймаларының базасында салынатын болады.


Тегтер:

экология

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!