Алдағы мақсаттар Конституция мен заңдардың тәртібін мүлтіксіз сақтауды міндеттейді

Фотография - Алдағы мақсаттар Конституция мен заңдардың тәртібін мүлтіксіз сақтауды міндеттейді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан «Конституция - қоғам мен мемлекеттің даму стратегиясының негізі» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция қатысушыларына өз құттықтауын жолдады.

162 0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан «Конституция - қоғам мен мемлекеттің даму стратегиясының негізі» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция қатысушыларына өз құттықтауын жолдады.

«Конституция - елдің табысты дамуының іргетасы. Бүгінде Ата заңымыздың арқасында Қазақстанның экономикасы дамып келеді. Біздің Конституциямыз еңбек бостандығына құқық беріп, неке мен отбасы, ана мен баланы мемлекеттің қорғауына алып, халық денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. Еіліміздің ата заңы мемлекеттік билік бірлігінің, оның барлық тармақтарының өзара тиімді іс-қимылының негізін қалады. Конституциялық қағидалар негізінде мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының әріптестігі іске асып, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі дамып келеді. Оған Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет өткен жергілікті әкімдер сайлауы дәлел бола алады. Конституцияны бұлжытпай орындау - Қазақстандағы қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайтудың сенімді кепілі.

Бүгінде Қазақстан 2050 жылға дейінгі стратегияны іске асыруда. Оның басты мақсаты - әлемнің оқ бойы озық 30 мемлекеттің қатарына ену. Бұл жұмыс Конституция мен заңдардың тәртібін мүлтіксіз сақтауды міндеттейді», - делінген Н.Назарбаевтың құттықтау хатында.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!