«Нұр Отан» партиясының хатшылығында ауыс-түйістер орын алды

Фотография - «Нұр Отан» партиясының хатшылығында ауыс-түйістер орын алды

 2013 жылғы 28 тамыз күні «Нұр Отан» партиясының Хатшысы міндетін атқарушы болып Болат Берсебаев тағайындалды

132 0

 2013 жылғы 28 тамыз күні «Нұр Отан» партиясының Хатшысы міндетін атқарушы болып Болат Берсебаев тағайындалды деп хабарлайды партияның сайты.

Болат Берсебаев Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі (1999), ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша Германияның Ф. Шиллер атындағы университетінде білім алған, саясаттану магистрі.

Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығында, ҚР Президентінің баспасөз-хатшысының орынбасары, «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған. «Нұр Отан» партиясының Хатшысы міндетін атқарушы болып тағайындалуына дейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары кеңесшісі болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!