Қазақстандық парламентаризм дамудың даңғыл жолына шықты

Фотография - Қазақстандық парламентаризм дамудың даңғыл жолына шықты

Бұл жолдың жөні бөлек және бұған дейнгі даму кезеңдеріне еш ұқсамайды. Астанада өтіп жатқан «Конституция - қоғам мен мемлекеттің даму стратегиясының негізі» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйлеген ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми осылай айтты.

208 0

Бүгінде қазақстандық парламентаризм дамудың даңғыл жолына шықты. Бұл жолдың жөні бөлек және бұған дейнгі даму кезеңдеріне еш ұқсамайды. Астанада өтіп жатқан «Конституция - қоғам мен мемлекеттің даму стратегиясының негізі» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйлеген ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми осылай айтты.

«Бүгінгі Қазақстан мелекеттілікті күшейтіп, қоғамды демократияландыруға бет алды. Аталған бағыт-бағдар мемлекеттік басқару жүйесін сапалы түрде өзгертіп, Парламенттің рөлін барынша күшейтуді көздейді», - деп атап көрсетті Қ.Мәми. Сенат төрағасы атап көрсеткендей, Қазақстандағы қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық Конституцияның негізін құрайтын қағидаттар болып саналады. Сондай-ақ ел игілігі үшін экономиканы дамыту, қазақстандық патриотизм және өзекті деген мәселелерді демократиялық жолмен шешу қағидаттары да Ата заңымыздың негізі болса керек. Ал саяси әралуандылық қағидаты ел азаматтарына мемлекеттік билікті жүргізу жұмысына араласуға мүмкіндік беріп қана қоймай, құқықтық мемлекетті құру бойынша өз көқарасын заңды жолдармен білдіруге де жол ашып отыр.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!