ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға Қырғызстан еліне сапарламауға кеңес береді

Фотография - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға Қырғызстан еліне сапарламауға кеңес береді

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі оба эпидемиологиялық жағдайы тұрақтанғанға дейін қазақстандықтарға Қырғызстан еліне сапарламауға кеңес береді.

259 0

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі оба эпидемиологиялық жағдайы тұрақтанғанға дейін қазақстандықтарға Қырғызстан еліне сапарламауға кеңес береді.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Оба аса қауіпті індетке жататынын, ауа-тамшы арқылы, жанасу жолдарымен және жәндіктер шаққан кезде жұғатынын ескеріп, Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтардан оба эпидемиологиялық жағдайы тұрақтанғанға дейін Қырғызстанға сапарламауды өтінеді.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрі Динара Сағынбаева Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Қайырбекова Салидатпен телефон арқылы сөйлескенде ресми түрде бір адамның обаның бубон формасынан қаза тапқанын растады.

Қырғыз әріптестерінің өтініші бойынша, Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Қырғызстанға мамандар бригадасы мен обаны зерттеуге арналған диагностикалық дәрі-дәрмектер жіберді.

Оған қоса, Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі індет ошағында эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу жөнінде көмегін ұсынды.

Еске сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қырғызстанмен шекаралас аумақтарда алдын алу іс-шараларын күшейтті.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!