Астана-Павлодар бағытында «Баянауыл» жаңа электр пойызы қатынайды

Фотография - Астана-Павлодар бағытында «Баянауыл» жаңа электр пойызы қатынайды

Бүгін Павлодарда қала маңында қатынайтын жылдам жүретін қолайлылығы жоғары «Астана-Павлодар» бағытындағы «Баянауыл» пойызы іске қосылады. Оның арқасында жолаушылар аптасына төрт күннің ішінде бір рет, яғни бейсенбіден жексенбіге дейін Астанаға жете алады.

189 0

ЭД9Э сериясымен шыққан ресейлік өнімнің техникалық және энергия үнемдеуі жақсартылған. Әрбір вагонда ауа тазалайтын жүйесі мен видеобақылау орнатылған. Көлік биылғы жылы алынған.

Ол Астанадан 18:40-та шығып, Павлодарға 00:50-де жетеді. Ал Павлодардан 9:29-да шыққан жолаушылар Астанада 15:30-да болады.

Жол жүру барыснда пойыз Ерейментау және Екібастұз стансаларында тоқтайды.

Электр пойызының қолайлы отыратын орындарымен 10 вагоны бар, олардың төртеуі - бірінші бірінші класқа жатады, 206 орын. Төртеуі - екінші класты - 204 орын, екеуі - үшінші класты - 194 орын. Бірінші және екінші кластағы вагондарда теледидар мен бар орнатылған.

Астанадан Павлодарға бірінші кластағы вагонмен бару құны - 1956 теңге, екінші кластағы вагонмен бару - 1822 теңге, үшінші кластағы вагон - 1514 теңге.

Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!