Қазақстанның Конституция күнін жапондықтар да атап өтті

Фотография - Қазақстанның Конституция күнін жапондықтар да атап өтті

Токиодағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде Конституция күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы ҚР СІМ хабарлайды.

128 0

Токиодағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде Конституция күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы ҚР СІМ хабарлайды.

Іс-шараға Жапонияның Қазақстандағы бірінші Елшісі Акира Мацуи, сонымен қоса тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан аумағындағы инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысқан Қазақстандағы іші жапондық компаниялардың өкілдері қатысты.

Достық және жылы атмосферада өткен кездесуде Қазақстандағы жапондық дипломатия мен капиталдың «пионерлері» көп ұлтты және поликонфессиялық елде төзімді қоғам, тұрақты саяси жүйе, көпвекторлы дипломатия құруы мен тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін жоғары бағалады.

Іс-шара қатысушылары Қазақстан мен Жапония арасындағы достық қарым-қатынас әрі қарай нығая береді деген сенімдерін жеткізді.


Тегтер:

Мереке

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!