Қазақстанда «Құқықтық білім беру» туралы заң қабылдайтын уақыт жетті

Фотография - Қазақстанда «Құқықтық білім беру» туралы заң қабылдайтын уақыт жетті

Бұл жөнінде бүгін Конституция күніне орай өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің прфессоры, заң ғылымдарының докторы Арықбай Ағыбаев мәлім етті

261 0

Қазақстанда «Құқықтық білім беру» туралы заң қабылдайтын уақыт жетті. Бұл жөнінде бүгін Конституция күніне орай өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің прфессоры, заң ғылымдарының докторы Арықбай Ағыбаев мәлім етті

«Конституциямызды дамытуға, заңдардың орындалуына әр азамат үлес қосуы тиіс. Біз құқықтық мемлекет орнатып жатқан елміз. Құқықтық мемлекетте азаматтардың құқықтық білімі, сауаты мен мәдениеті жоғары болуы қажет. Ол үшін Парламент «Құқықтық білім беру» туралы заң қабылдау керек. Халыққа насихаттайтын жолдарды үйрету қажет.», - дейді профессор.

Оның пайымынша, әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын, міндетін, борышын білуі керек.

«Оны насихаттау мәселесі әлі дұрыс жолға қойылған жоқ. Өйткені, бұқаралық ақпарат құралдарынан байқап жүрміз, қарапайым мәселелерді халық білмейді, түсінбейді. Ал құқықтық мемлекеттің міндеті – сауатын жоғары деңгейге көтеру», - деп толықтырды А.Ағыбаев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!