Министр қазақстандықтарға құттықтау жолдады

Фотография - Министр қазақстандықтарға құттықтау жолдады

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов білім күніне орай барша қазақстандықтарға арнап құттықтау жолдады

357 0

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов білім күніне орай барша қазақстандықтарға арнап құттықтау жолдады.

Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін 77 типтік мектеп есігін ашады. Жыл аяғына дейін жалпы 159 жаңа мектеп іске қосылады.

Биылғы оқу жылы ерекше болмақ.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елді білімге бастайтын басым бағыттарды айқындап берді.

Сондықтан барлық мектептерде алғашқы сабақ «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының шеңберінде өтпек.

Өйткені, қазіргі заман бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман.

Біздің дана аталарымыз «Оқу - білім азығы. Білім – ырыс қазығы» деген.

Демек, елдің кемел келешегін жасайтын ұрпақ – асқан білімді, ізденпаз, патриот болуы тиіс.

Мектеп бағдарламаларына «Абайтану», «Алаштану» сияқты оқу курстары енгізілді.

Сонымен қатар, биылғы жылы бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылады.

Бұл да заман талабы. Дамыған елдермен тереземіз тең болудың нақты жолы.

Қадірлі достар!

Қазақстанды қазір бүкіл Әлем таниды. Алайда мемлекетіміздің қасиетті көк байрағы биікте самғай беруі үшін, БІЛІМНІҢ орны ерекше.

Осы жолда күш-қуаттарыңыз сарқылмасын, қанаттарыңыз талмасын, дендеріңіз сау болсын!

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!