Биыл республика мектептерінде 2,5 миллионнан астам шәкірт білім алады

Фотография - Биыл республика мектептерінде 2,5 миллионнан астам шәкірт білім алады

Бүгін  - Білім күні. Дәл осы күні республика мектептерінде 2,5 миллионнан астам шәкірт, оның 265 мың бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды

207 0

Бүгін  - Білім күні. Дәл осы күні республика мектептерінде 2,5 миллионнан астам шәкірт, оның 265 мың бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.

Жалпы республикада қазақ тілінде оқытатын 3838 мектеп және орыс тілінде оқытатын 1442 мектеп бар (орта және жоғары оқу орындары жанындағы мектептерді, арнайы түзету мектептерін қоспағанда).

Сонымен қатар 60 мектепте сабақ - өзбек тілінде, 13 мектепте - ұйғыр, 8 мектепте - ағылшын, және 2 мектепте - тәжік тілінде жүргізіледі. Оған қоса, 2161 мектепте сабақтар екі немесе одан көп тілдерде жүргізіледі.

Үстіміздегі жылдың 1 қырқүйегіне биылға жоспарланған 159 жаңа мектептің 77-сі ашылса, қалғанын осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру көзделуде.

6 183 мектепте ондағы оқушылардың 80 пайызына ыстық тамақ беріледі, 2015 жылға қарай бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Тегін тамақпен негізінен тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балалар қамтылған.

Мектептерде 292 064 ұстаз, оның 9645-і жас мұғалімдер жұмысқа кіріседі. Дегенмен, математика, химия, физика, ағылшын тілі сияқты салалық пәндер бойынша барлығы 1934 мұғалімге сұраныс бар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!