Қазақстан мен Өзбекстан басшыларының жақын қарым-қатынастары - болашақ жетістіктердің кепілі

Фотография - Қазақстан мен Өзбекстан басшыларының жақын қарым-қатынастары - болашақ жетістіктердің кепілі

Бабыр атындағы Ташкент саябағында Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шаралар өтті

239 0

Бабыр атындағы Ташкент саябағында Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шаралар өтті.

Республикалық қазақ мәдени орталығының төрағасы Марат Үкібаев атап өткендей, Өзбекстанның барлық халқы бүгін басты мереке болып саналатын Тәуелсіздік күнін тойлап жатыр. Оның сөзіне қарағанда, қазақ диаспорасының өкілдері Өзбекстанның жүзеге асырып отырған саясаты: ұлтаралық келесімді сақтау, көршілес тұратын елдер арасында халықтар достығын сақтауды жоғары бағалайды. «Оның үстіне, Өзбекстан мен Қазақстан - бұл аймақтың бетке ұстар елдері. Сол себепті осы екі елдің тұрақтылығы мен дамуы - бұл екі аймақтың алдағы бірнеше жылға ілгерілегені. Бұл туралы Ислам Кәрімов те өз құттықтау сөзінде айтты. Біз екі ел халқы мен президенттері арасында өте тығыз қарым-қатынас қалыптасып келе жатқанына қуаныштымыз, бұл - біздің болашық жетістіктеріміздің кепілі», - деп атап өтті РҚМО төрағасы - деп хабарлады ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!