Челахтың ісін алдын ала қарау уақыты өзгертілді

Фотография - Челахтың ісін алдын ала қарау уақыты өзгертілді

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы 2013 жылдың 02 қыркүйегінде сағат 10:00-де сотталған Владислав Челахқа қатысты заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы адвокат Серік Сәрсеновтың өтінішін алдын ала қарауды жоспарлаған еді.

226 0

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы 2013 жылдың 02 қыркүйегінде сағат 10:00-де сотталған Владислав Челахқа қатысты заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы адвокат Серік Сәрсеновтың өтінішін алдын ала қарауды жоспарлаған еді.

Дегенмен адвокаттың келмеуіне байланысты отырыс сағат 14:00-ге ауыстырылды.

Судья Дәулен Нұралин: «Біз оның өтінішін алғаннан кейін істің қаралатын уақытын бірден хабарладық. Келуге мүмкіндігі болмаса, телеграмма арқылы бізді хабарландыруы тиіс екенін ол жақсы біледі. Еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама ұсынуы керек еді, олай істемеді. Бұл істің маңызды екенін ескере отырып, біз адвокат Сәрсеновтың өтінішін қарауды бүгінге, сағат 14:00-ге қалдырдық. Егер ол келмесе, біз істе қарай береміз, оның үстіне анасы (В.Челахтың – агенттік) қарсы емес», - деп атап өтті.

«Ол (адвокат Сәрсенов – агенттік) бізге ескертіп айтты, оның өте үлкен себебі бар, нақты қандай екенін айта алмаймын», - деп хабарлады В.Челахтың анасы Светлана Ващенко.

Жоғары соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, қадағалау сатысы өтінішті алдын ала қарау нәтижелері бойынша сот қадағалауы тәртібімен іс бойынша іс жүргізуді қозғау үшін негіздердің бар екені немесе жоқ екені туралы мәселені шешетін болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, мамандандырылған ауданаралық әскери соттың 2012 жылғы 11 желтоқсандағы үкімімен әскери қызметші В. Челах ҚР ҚК-ның 96-бабының 2-бөлігінің «а,в,д,к,н,», 172-бабының 1-бөлігінде, 175-баптың 2-бөлігі. «б, в» тармақтарында, 255-бабы 3-бөлігінің «а» тармағында, 251-бабының 1-бөлігінде, 387-бабының 2-бөлігінде, 145-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылған болатын. Қазіргі уақытта ол ерекше режимдегі түзеу колониясында өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатыр.

Бұл қылмыстық іс апелляциялық және кассациялық тәртіптермен қаралды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық және кассациялық сот алқаларының қаулыларымен үкім өзгеріссіз, ал адвокаттың шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!