30 дамыған елдің қатарына ену үшін барша Қазақстан халқына айрықша міндет жүктеледі

Фотография - 30 дамыған елдің қатарына ену үшін барша Қазақстан халқына айрықша міндет жүктеледі

30 дамыған елдің қатарына ену үшін барша Қазақстанның халқына айрықша міндет жүктеледі. Бұл туралы бүгін бесінші шақырылған Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті

136 0

30 дамыған елдің қатарына ену үшін барша Қазақстанның халқына айрықша міндет жүктеледі. Бұл туралы бүгін бесінші шақырылған Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Бүгінгі таңда Парламенттің қарауында 30-ға жуық заң жобасы бар. Парламентіміз жоғары саяси жауапкершілік режимінде жұмыс істеп, халық өкілі ретінде өз міндетін абыроймен атқарып келді. Алдағы уақытта да осы қарқыннан таймау қажет. Себебі, біз дамудың ең шешуші сатысы - «Қазақстан - 2050» стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру кезеңіне аяқ бастық. Бұл стратегияның негізгі алға қойған мақсаты - 37 жылдың ішінде, мүмкін одан да бұрын әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің арасына ену»,-деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда ол бұл тек қана ішкі өніммен бағаланбайтындығын, онда адамның өсуі, әлеуметтік жағдай, білім беру, денсаулық сақтау бағыттарындағы өркендеп өсу мәселелерін ескеру керектігін қадап айтты - деп хабарлады  ҚазАқпарат

«Бұл барша Қазақстанның халқына, оның ішінде сіздерге айрықша міндет жүктейді»,-деді Президент депутаттарға қаратып айтқан сөзінде.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!