2,5 мың жергілікті әкімді сайлау маңызды қадам болды

Фотография - 2,5 мың жергілікті әкімді сайлау маңызды қадам болды

Бұл жөнінде бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

149 0

Жергілікті әкімдер сайлауын өткізу маңызды қадам болды. Бұл жөнінде бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Аз уақытта әкімшілік реформаның жаңа кезеңі жүргізілді. Біріншіден, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі жасалды. «А» корпусы жасақталды. Бұлар жоғары талаптар қойылған 543 мемлекеттік қвзметші. Саяси қызметшілер саны 7,5 есе қысқартылды. Өңірлерде аудандар мен қала әкімдерінің үштен бірі, орталық деңгейде атқарушы органдардың басшы құрамының он бес пайызы жаңарды», - деді Президент.

«Екіншіден, жергілкті өзін-өзі басқару реформасы жүргізілді. Ауылдық деңгейге қосымша бес мың штат бірлігі беріліп, алпыс жеті мемлекеттік функция бекітілді. Бүгінде ауыл әкімдері тұрғындардың қатысыуымен салық жинау, бюджет қалыптастыру және жергілікті проблемаларды шешуді қаржыландыруға құқылы. 2,5 мың жергілікті әкімді сайлауды өткізу маңызды қадам болды. Бұл еліміздегі әкімдердің 91 пайызы», - деп атап өтті Президент.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!