Жоғары Сот В.Челахтың адвокаты түсiрген өтiнiштi қанағаттандырған жоқ

Фотография - Жоғары Сот В.Челахтың адвокаты түсiрген өтiнiштi қанағаттандырған жоқ

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы сотталған Владислав Челахқа қатысты заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы адвокат С. Сәрсеновтің өтінішін қанағаттандырған жоқ

350 0

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы сотталған Владислав Челахқа қатысты заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы адвокат С. Сәрсеновтің өтінішін қанағаттандырған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жоғарғы Сот судьялары адвокат Сәрсеновтiң өтiнiшiн қарастыра отырып, мамандандырылған ауданаралық әскери соттың, апелляциялық және кассациялық сот алқаларының шешiмiн заңды деп тауып, оның өзгертiлуiн негiзсiз деген қорытындыға келдi. Сәрсеновтiң өтiнiшiн қанағаттандыруға және сот актiлерiн қайта қарауға негiз жоқ", - дедi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьясы Дәулен Нұралин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, мамандандырылған ауданаралық әскери соттың 2012 жылғы 11 желтоқсандағы үкімімен әскери қызметші В. Челах ҚР ҚК-ның 96-бабының 2-бөлігінің «а,в,д,к,н,», 172-бабының 1-бөлігінде, 175-баптың 2-бөлігі. «б, в» тармақтарында, 255-бабы 3-бөлігінің «а» тармағында, 251-бабының 1-бөлігінде, 387-бабының 2-бөлігінде, 145-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылған болатын. Қазіргі уақытта ол ерекше режімдегі түзеу колониясында өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!