ҚР Мемлекеттік хатшысы Арменияның Қазақстандағы Елшісін қабылдады

Фотография - ҚР Мемлекеттік хатшысы Арменияның Қазақстандағы Елшісін қабылдады

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин дипломатиялық миссиясы аяқталуға жақындаған Арменияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Василий Казарянды қабылдады

208 0

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин дипломатиялық миссиясы аяқталуға жақындаған Арменияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Василий Казарянды қабылдады.

«Сіз ең тәжірибелі дипломаттардың бірісіз. Қазақстанда бес жыл қызмет еттіңіз. Менің ойымша, осы жылдары сіздің тарапыңыздан өте көп жақсы игі істер жасалды. Дипломатиялық миссия аяқталуға жақындады. Екі ел арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесіңіз үшін алғысымды айтамын. Себебі, бұл тұрғыда көп жағдай Елшінің жұмысына байланысты», - деді Мемлекеттік хатшы.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастық бойынша, оның ішінде сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды дамытудың жағдайы мен келешегін талқылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!