Әскери жаттығудың шешуші кезеңі өтеді

Фотография - Әскери жаттығудың шешуші кезеңі өтеді

Қарағанды облысындағы «Сарышаған» полигонында 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің нақты жауынгерлік атыстарды қамтыған «Жауынгерлік достастық – 2013» тактикалық жаттығуларының шешуші кезеңі өтеді

211 0

Қарағанды облысындағы «Сарышаған» полигонында 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің нақты жауынгерлік атыстарды қамтыған «Жауынгерлік достастық – 2013» тактикалық жаттығуларының шешуші кезеңі өтеді .

ТМД елдері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің біріккен тактикалық жаттығуларына ҚР ҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінен заманауй ұшақтар мен қанатты ракеталарды жоюға мүмкіндігі бар әртүрлі модификациядағы зенитті-ракеталық кешендер тартылған

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жауынгерлік есептоптары әуедегі нысаналарды және қанатты ракетеларға ұқсас реактивті снарядтарды зениттік-ракеталық кешендер арқылы жоюды, сондай-ақ әуедегі қарсыласты алдын-ала тауып істен шығара білуді жүзеге асырады - деп хабарлады  baq.kz

Жалпы жаттығу барысында полигонда өтетін шараға тартылған басқа мемлекеттердің өкілдерімен ӘШҚҚ әскерлері бөлімшелерінің өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ, өздеріне жүктелген тапсырмаларды сауатты орындау үшін жеке құрамның моралдық-психологиялық дайындығы мен жоғары жауынгерлік әзірлігі де пысықталады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!