Сенат Төрағасы Франция Елшісін қабылдады

Фотография - Сенат Төрағасы Франция Елшісін қабылдады

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан-Шарль Бертонэмен кездесті

140 0

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан-Шарль Бертонэмен кездесті деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі

Жан-Шарль Бертоне Қазақстандағы дипломатиялық қызметін аяқтауда. Қ.Мәми жемісті қызметі мен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Елшіге алғыс айтты.

Әңгіме барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. «Бірлескен күш-жігердің арқасында біз Қазақстан-Франция қатынастарын стратегиялық әріптестік деңгейіне көтердік», - деді Қ.Мәми. Сенат Төрағасы еліміз экономикасының басым бағыттарына француздың тікелей инвестициясы мен технологиясын тартуға Қазақстан мүдделі екенін атап өтті.

Елші Францияның Қазақстандағы мәдениет маусымы аясындағы іс-шаралар туралы әңгімеледі. Жүздесушілер сонымен қатар Қазақстан мен Францияның парламентаралық ынтымақтастықтың келешегін де талқылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!