Қазан айында Минск қаласында Қазақстанның Беларусьтағы Мәдениет күндері өтеді

Фотография - Қазан айында Минск қаласында Қазақстанның Беларусьтағы Мәдениет күндері өтеді

Кеше Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Ерғали Бөлегеновтің Беларусь Республикасының Мәдениет министрі Борис Светловпен кездесті.

310 0

Кеше Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Ерғали Бөлегеновтің Беларусь Республикасының Мәдениет министрі Борис Светловпен кездесті.

Әңгіме барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасын Қазақстанда жүргізіліп отырған дінаралық және ұлтаралық қатынастар саласындағы саясат туралы ақпараттандырды. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ерекше атап өтіп, Астанада өткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндер съездері туралы, сондай-ақ басқа да халықаралық бастамалар, соның ішінде Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арнап Елшілік өткізген іс-шаралар туралы әңгімелеп берді.

Ерғали Бөлегенов екіжақты қазақстан-беларустық стратегиялық әріптестікті нығайту арнасында шығармашылық ұжымдармен, көркемсурет көрмелерімен, фильмдерді көрсетулермен алмасуды және т.б. жандандыру мәдениет саласындағы ынтымақтастықты кеңейту қажеттігіне беларустық министрдің назарын аударды. Мәдени өзара ықпалдастық саласындағы келісім-құқықтық базаны жетілдіру қажеттігін ескерді.

Өз кезегінде Борис Светлов Елбасы - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерді мұқият қадағалап жүргенін атап өтті. Қазақстан жүргізіп отырған төзімділік пен ұлтаралық келісім саясатын жоғары бағалады.

Сонымен бірге кездесу барысында үстіміздегі жылғы қазанның басында Минск қаласында жоспарланып отырған Қазақстанның Мәдениет күндерін ұйымдастыру мен өткізуге байланысты мәселелер талқыланды.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!