«Қазақ елі» пәні өз халқыңның шыққан тегін білу үшін оқытылады

Фотография - «Қазақ елі» пәні өз халқыңның шыққан тегін білу үшін оқытылады

Бүгін Астанадағы № 64 мектеп-лицейде елорда мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен отансүйгіштік тақырыбында сабақ өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ елі» пәні халқыңның шыққан тегін білу үшін оқытылатындығын атап өтті

382 0

Бүгін Астанадағы № 64 мектеп-лицейде елорда мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен отансүйгіштік тақырыбында сабақ өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ елі» пәні халқыңның шыққан тегін білу үшін оқытылатындығын атап өтті.

«Соңғы мәліметтер бойынша, алғашқы адам шамамен 150 мың жыл бұрын Африканың шығысында пайда болған. Қазір солай дейді. Дегенмен, шығыс адамдары алғашқы адам Алтайда, біздің Шығыс Қазақстандағы Мұзтау тауынан шыққан дейді. Мен өткен жылы оған алғаш рет тікұшақпен бардым, өте қызықты, адамды өзіне тартатын орын екен», - деді Мемлекет басшысы.

Генетиктердің Африкада, Азияда және Америкада тұратын адамдардың шыққан тегі бір екендігін анықтағандығын атап өткен Елбасы: «Біздің тарихымызды да білу керек. Сондықтан «Қазақ елі» пәні сендер өз халқының шыққан тегін білсін деп оқытыла бастады. Өз жеріңнің, өз халқыңның тарихын білу керек. Бұл өте маңызды», - деді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!