Мемлекет қаржысы жұмсалатын істің барлығында айқын нәтиже керек

Фотография - Мемлекет қаржысы жұмсалатын істің барлығында айқын нәтиже керек

Депутаттар бюджетті қарау барысында тікелей мемлекет қаржыларының тиімділігі мен нақты нәтижесін назарға алатын болады

274 0

Депутаттар бюджетті қарау барысында тікелей мемлекет қаржыларының тиімділігі мен нақты нәтижесін назарға алатын болады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Палатаның жалпы отырысында «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын жұмысқа қабылдау барысында осылай деді.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин Президент тапсырмасына сәйкес, Парламент бюджетті қарауда айқын мақсат көздейтіндігін қадап айтты - деп хабарлады baq.kz

-Бұл жерде мәселе, тек бюджет қаржыларының игерілуінде ғана емес, бөлінген қаржылардың тиімділігі мен нақты нәтижесінде. Бұл Бюджет Кодексінде де айөын көрсетілген. Мысалы, білім жайында айтатын болсақ, үш ауысымдық оқуды қысқартқан кезде, мектептегі жүктеменің қаншалықты азаятындығы, денсаулық саласында - медициналық қызмет сапасының артуы, тұрғын-үй құрлысында әлеуметтік баспанаға кезектің қаншалықты қысқаратындығы басты назарда болуға тиіс. Яғни, мемлекет қаржысы жұмсалатын істің барлығында нақты нәтиже керек. Парламентте бюджетте қарауда бұдан басқаша болуы мүмкін емес, - деді Нұрлан Нығматулин


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!