Қазақстанда халықтың 7,6 млн-ы ауылда тұрады

Фотография - Қазақстанда халықтың 7,6 млн-ы ауылда тұрады

 Бұл жөнінде бүгін ауылдық аумақтарды дамыту мәселесі талқыланған Үкімет отырысында ҚР Өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин мәлім етті.

153 0

Қазақстанда халықтың 7,6 млн-ы ауылда тұрады. Бұл жөнінде бүгін ауылдық аумақтарды дамыту мәселесі талқыланған Үкімет отырысында ҚР Өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин мәлім етті.

«Бүгінгі таңда республикамыздағы 6 мың 936 ауылдық елді мекенде 7,6 млн адам тұрады. Барлық ауылдардың ішінде 1310-ның даму әлеуеті жоғары, 5192-нің даму әлеуеті орташа болып есептеледі. Әкімшілік маңызы бойынша ауылдық елді мекендердің 119-ы аудан орталықтары, 2411-і кенттік және ауылдық округтердің орталықтары болып табылады», - деді ол.

Вице-министр  елді мекендердің жартысынан астамы шағын, яғни тұрғындарының саны 500 адамнан кем болып келетін ауылдар екенін және оларда ауыл халқының небәрі 9,7% тұратынын атап өтті.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!