Словакиямен өзара тиімді ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру қажет

Фотография - Словакиямен өзара тиімді ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру қажет

Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші болып жаңадан тағайындалған бірқатар шетел дипломатынан сенім грамотасын қабылдаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

155 0

Қазақстан Словакиямен өзара тиімді ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруі қажет. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші болып жаңадан тағайындалған бірқатар шетел дипломатынан сенім грамотасын қабылдаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Словакия Республикасымен өзара тиімді ынтымақтастықты жаңа, сапалы деңгейге көтеруіміз қажет. Бұл үшін бізде барлық қажетті мүмкіндік бар»,- деді ҚР Президенті.

Бұл ретте Елбасы машина жасау, энергетика, көлік-коммуникациялық, инфрақұрылымдық, құрылыс, металлургия, химия өнеркәсібі салаларында бірлескен жобаларды іске асыру үшін Қазақстанның әлеуеті жеткілікті екендігін баса айтты.

«Словакиямен серіктестік қарым-қатынасымыз одан әрі дами түседі деп үміттенеміз», - деді Н.Назарбаев.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!