Моңғолия Қазақстанға «Хобда» халықаралық әуежайын пайдалану мүмкіншілігін береді

Фотография - Моңғолия Қазақстанға «Хобда» халықаралық әуежайын пайдалану мүмкіншілігін береді

Моңғолия Қазақстанға Хобда халықаралық әуежайын пайдалану мүмкіншілігін береді. Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырған Моңғолияның Қазақстан Республикасына жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елші Жагир Сухээ осылай деді

458 0

Моңғолия Қазақстанға Хобда халықаралық әуежайын пайдалану мүмкіншілігін береді. Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырған Моңғолияның Қазақстан Республикасына жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елші Жагир Сухээ осылай деді.

Оның атап өтуінше, Қазақстан - Азия мен Еуропаны жалғайтын көпір. Бұл ретте Моңғолия Қазақстанды Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азиямен байланыстыратын географиялық нүкте тұрғысында ең жақын орналасқан орын бола алады. Ал Қазақстан Моңғолияны Еуропамен жалғастыратын ең жақын көпір болуға қауқарлы. «Бұл тұрғыда әрі қазіргі қажеттілікке орай екі ел арасындағы көлік байланысын, нақты айтқанда, әуе және жол көліктерін дамыту ерекше маңызды мәселе. Осы ретте қазақстандық тарабы Ұланбатырдағы «Шыңғыс хан» халықаралық әуежайынан бөлек Моңғолияның батыс бөлігінің қиырында орналасқан «Хобда» халықаралық әуежайын да пайдалана алар еді», - деді Елші.

Ж. Сухээнің сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда Моңғолия Ұланбатырдан 50 шақырым жерде жаңа ірі халықаралық әуежай құрылысын қолға алды. 2015 жылы құрылыс толық аяқталуы жоспарланып отырған әуежай халықаралық әуе қатынасының ірі хабтарының біріне айналмақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!