6-8 қыркүйекте Қазақстанға ҚХР-дың Төрағасы Си Цзиньпин келеді

Фотография - 6-8 қыркүйекте Қазақстанға ҚХР-дың Төрағасы Си Цзиньпин келеді

Бұл туралы бүгiн Санкт – Петербордағы G-20 Саммиті алаңшасында өткен Қазақстан Президенті жанындағы ОКҚ көшпелі брифингі барысында ОКҚ ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев хабарлады.

181 0

6-8 қыркүйекте Қазақстанға тұңғыш мемлекеттік сапарымен ҚХР-дың Төрағасы Си Цзиньпин келеді. Бұл туралы бүгiн Санкт – Петербордағы G-20 Саммиті алаңшасында өткен Қазақстан Президенті жанындағы ОКҚ көшпелі брифингі барысында ОКҚ ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев хабарлады.

«ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен бiздiң елiмiзге 6-8 қыркүйекте тұңғыш мемлекеттiк сапарымен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин келетiнiн атап өткiм келедi. Си Цзиньпин мырза бiрiншiден осы «Үлкен жиырмалық» Саммитiне қатысады. Осы Саммиттен кейiн Астанаға ат басын бұрады», - деді ресми өкіл.

6-8 қыркүйекте ҚР Президентi Н.Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мырзаның шағын және кеңейтiлген кұрамда Астанадағы екiжақты кездесулері өтедi. Кездесу барысында жалпы Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың бүгiнi мен ертеңi жан-жақты талқыланады. Сонымен қатар ҚХР Мемлекеттiк кеңесiнің төрағасы ҚР Премьер-министрi Серiк Ахметовпен, Мәжiлiс төрағасы Нұрлан Нығматулинмен де кездесулер өткiзедi. Сол кездесулерден кейiн құрметтi мейман Назарбаев университетiнде елiмiздегi тiркелген шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктер, академиялық топтар мен студенттердiң алдында дәрiс оқуы көзделген.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!