Елбасының атына еліміздің мектеп оқушыларынан хаттар келіп түсті

Фотография - Елбасының атына еліміздің мектеп оқушыларынан хаттар келіп түсті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына еліміздің мектеп оқушыларынан хаттар келіп түсті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

183 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына еліміздің мектеп оқушыларынан хаттар келіп түсті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Өз хаттарында оқушылар Мемлекет басшысына оқудағы табыстары туралы айтып, өскелең ұрпақ үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінгені үшін алғыстарын білдірген.

Ақтөбе облысындағы Тамды көмекші мектеп-интернатының 9-сынып оқушылары коньки спорты бойынша 2013 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Бүкіләлемдік қысқы арнаулы Олимпиадалық ойындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып саналады. Олар жас спортшы-паралимпиадашылар атынан Қазақстанда мүмкіндігі шектелген адамдарға арналған спортты дамытқаны үшін Президентке алғыс айтқан.

«Спорт – біз үшін қалыпты өмірге оралу. Әрбір мәре – әрдайым үміт, өзімізге сене білудің үлгісі. Бұл адам мүмкіндігінің шегі жоқ екенін білдіреді», – деп жазады авторлар хатта.

Алматы қаласындағы «Зейнеп» мектебінің 2-сынып оқушысы Н.Данабаев өз хатында оқудан алған әсерін бөлісіп, өзі емделіп жатқан балалар орталығы педагогтерінің еңбегін атап өткен.

«Бізде жақсы мектептер мен балалар орталықтары, сондай-ақ балаларға көмектесетін жақсы адамдар көп. Менің арманым – ақылды болып ер жету, анама көмектесіп, барлық адаммен дос болу», – деп жазады Н.Данабаев.

Қарағанды мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Р.Жалаев отбасы мен жақындары оқуына қолдау көрсетіп, ауруға қарсы күресте көмектесетінін айтқан.

«Жақында маған білім алуым үшін мектептен арнайы жабдықтар алып келді. Оларды қолдану арқылы оқу қызықты бола түсті. Мен Интернет арқылы көп қызық жайттарды біліп, өз қатарластарыммен әңгімелесе аламын», – делінген хатта.

«Біздер, мүмкіндігі шектелген балалар, үш жылдан бері барлық басқа балалар секілді мектепте оқып жүргеніміз үшін Сізге зор алғыс айтқымыз келеді», – деп жазады Президентке астаналық №65 мектеп-гимназияның инклюзивтік 3-сынып оқушысы А. Базарбай.

Оқушы қыз Мемлекет басшысына өздеріне көрсетілген қамқорлықты ақтайтынын, сүйікті еліміздің нағыз лайықты азаматы болатындарын айтқан.

Ал Шығыс Қазақстан облысының Жаңа Бұқтырма кентінен хат жолдаған 11 жастағы Н.Коломысов сырқатынан айығуына байланысты қуанышын бөліскен.

«Мен туабітті жүрек талмасымен ауырып, қатты жапа шектім. Сіздің арқаңызда анаммен бірге Оңтүстік Кореяға тегін ота жасатуға бардым. Содан кейінгі халым жақсы, мектепте оқып жүрмін. Футбол ойнап, суда жүзе аламын», – дейді ол хатында.

Н.Коломысов өз ауылындағы барлық бала атынан Мемлекет басшысының қызметіне табыс тіледі.

Солтүстік Қазақстан облысындағы Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Воладар орта мектебі 10-11 сынып оқушылары ауылдық елді мекендерге жас мұғалімдердің келуіне себепші болған «Дипломмен ауылға!» бағдарламасының іске асырылып жатқаны үшін ризашылық білдіреді.

«Олардың келуімен мектеп өмірі жандана түсті, оқуға деген ынта-ықылас артып, сабақтар қызықты, тартымды бола бастады», – дейді оқушылар Мемлекет басшысына жолдаған хатында.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!