Астықты өңірлерде егін жинауға 17 млрд теңге бөлу жоспарлануда

Фотография - Астықты өңірлерде егін жинауға 17 млрд теңге бөлу жоспарлануда

Бұл туралы «ҚазАгро» АҚ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

728 0

Еліміздің астықты өңірлерінде егін жинау науқаны басталды. Бұл туралы «ҚазАгро» АҚ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Астық жинау науқанын қаржыландыруға «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі 17 млрд теңге бөлуді көздеп отыр. Бұл соманың 13 млрд теңгесі «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның астық жинау техникасы мен жабдықтарын сатып алуға арналған бюджеттік емес көздерінен алынады», - делінген хабарламада.

Оның 3,9 млрд-қа жуығы тікелей несиелендіру және Несие серіктестері жүйесі арқылы қаржыландыруға арналған Аграрлық несие корпорациясының қаржысы. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Егінжай» бағдарламасы аясында сонымен қатар оңтүстік аймақтың мақташыларын қаржыландыруға 500 млн теңге бөледі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 5 қыркүйектегі мәліметтеріне сәйкес, 2898,8 мың га алқап жиналды, ол астық жинау аумағының 18,4 %-ын құрайды.

Естеріңізге салайық, биыл 21,4 млн га жерге астық егілді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!